✅ Сіздер Құран оқылғанда не үшін жыламайтындарыңызды білесіздер ма?
Сіздердің назарларыңызға мына оқиға ұсынылады... Оқып, біліп жүріңіздер
📚 Имам Ахмад ибн Ханбалдың ( Алла оны рақымына бөлесін ) құлағына өзінің бір шəкірті əр күні түнде тұрып таңға дейін қасиетті Құран Кəрімді толық (басынан соңына дейін) оқып шығатыны жайлы хабар естіледі. Содан соң таң намазын оқиды.
Имам оның Құранды қаншалықты ойланып оқитынын білгісі келді. Ол шəкіртіне келіп, былай деді: " Маған сенің мына-мыналарды жасайтының жетті". Шəкірті айтады: " Иə, имам".
Имам Ахмад оған: "Онда бүгін барып əдеттегідей түнде тұр, бірақ Құранды оқығанда жаныңда мен тұрғандай, яғни мен сенің қалай оқып жатқаныңды бақылап тұрғанымдай оқы. Кейін маған айтып бер.
Келесі күні шəкірті келеді, имам одан сұрайды, оның жауабы: " Мен Құранның 10 бөлігінен артық оқи алмадым" - дейді.
Имам оған: " Онда бүгін барып Құран оқығанда Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) жанында оқығандай оқы" - дейді. Шəкірті кетеді. Ертеңіне имамға келіп айтады: " О, имам! Мен Құранның 30-бөлігін де толық оқи алмадым" - дейді.
Имам оған: " Онда бүгін барып Құранды Алла Тағаланың құзырында тұрғандай оқы" дейді. Шəкірті таң қалады... Кейін келесі күні имамға жылап келеді. Оның түрінен шаршау мен ұйқысыздықтың белгісі болатын. Имам одан: "Қалай оқыдың балам?" - деп сұрады. Шəкірті жылап: " О, имам! Аллаға ант етемін, түнімен отырып Фатиха сүресін толық оқып бітірмедім" - деп жауап береді.
Бұл оқиғадан алатын сабақ:
Құран - Алланың бізге жіберген кітабы. Сол үшін Құранды тек тілмен емес, жүрекпен оқыңыз.
О, Алла! Құранды бізге жолбасшы, əрі жанымызға рахат беруші ет...